№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор |
Сен шоқ болсаң мен от болып маздаймын,
Көктем болсаң жадыраған жаздаймын.
Сен әрдайым бірге жүрсең жанымда,
Бақ күні мол, шаттығы мол аз қайғы.
Қайырмасы:
Гүлім болсаң самалың боп тербетем,
Күнім болсаң шырқап көкке өрлетем.
Сен болмасаң өзге жанға аяулым,
Осыншама өз еркімді бермес ем.
Бұлақ болсаң мен өзен боп шалқимын,
Сұңқар болсаң қыраның боп қалқимын.
Айым болсаң, күнім болсаң қашанда,
Ақ нұрыңа, пәк нұрыңа балқимын.
Қайырмасы
Бәрі де сен үшін, бақыттың кенісің,
Осы әнім жаным, бағым сен үшін.
Сен шың болсаң басыңдағы шынармын,
Нәріңменен мәңгі көкте тұрармын
Қамықпаша, жабықпашы мен де сен,
Ондай шақта бұлыңғырмын, мұнармын.
Қайырмасы
Бәрі де сен үшін, бақыттың кенісің,
Осы әнім жаным, бағым сен үшін.