№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Анарбек Қозбақов | |||
2. | Әділбек Ыбырайымұлы |
О-о, менің, тау ғаламым, жанды алабым,
Өзіңді көрген сайын таң қаламын.
Анамдай елжіреген кеп кешесің,
Әкемдей күлімдейсің, аңдағаным.
Не деген көркем еді сарғалдағың,
Жотаңда биіктікті армандадым.
Мөлдірлік сай-салаңда сыңсып аққан,
Татады кәусарыңның барған дәмін.
Жатса екен тауым түгел, адыр аман,
Сансыз гүл жаяр саусақ жамыраған.
Аңқыған самалыңда жұпар бөлек,
Жұтам да жұмбағыңды жадырағам.
Гүлді өңір, майсалы өлке ғаламат тым,
Бұл өмір, түсінгенге, шамалы-ақ күн.
Сыйлаған балалықтың балдәуренін,
Көрсеттің сүтше ұйыған маған ақ түн.
Құс төсек, майса шөптен мамық қайдан,
Салады бозторғайың жалықпайды ән.
Күлкісі естіледі періштенің,
Қылығы қойнауыңда қалып қойған.
О-о, менің, тау ғаламым, жанды алабым,
Өзіңді бір көруді сан қаладым.
Боламын естігендей еміс-еміс,
Анамның үйде отырып салған әнін, жалған әнін...