MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Аяулы шағым жастығым
Әннің атауы
Әннің атауы:
Аяулы шағым жастығым
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№13, 7 шілде 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Анарбек Қозбақов
2.Күләш Ахметова
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Аяулы шағым – жастығым!

Жартасқа шыққан ақ гүлім.

Байлауға келмес тасқыным,

Асығыс жүрген аптығым.

 

Тіршілігім менің, паңдығым,

Күнәларым мен пәктігім.

Азапқа салған жанды мың

Ащы жасым мен тәтті мұң.

Азапқа салған жанды мың

Махаббат сынды тәтті мұң.

 

Айласыз кезім еш те бір —

Аяй білмеген ат терін.

Жылаған, күлген кештерім —

Қымбат та қызық шақ керім!

 

Шымырлай тұнған сезімім,

Шимайға толы дәптерім.

Шыдамсыз кезім, төзімім,

Шындыққа сенген сәттерім!

Шыдамды кезім, төзімім,

Шындыққа сенген сәттерім!

 

Аяқталмаған соқпағым

Аралау үшін өз елін.

Ақиқат сойылын соққанын

Өртеніп тұрып өзегім.

 

Тәуекел соңын күтпеген

Албырт та қиын кезеңім!

Арманым, әнім бітпеген,

Асығыс аққан өзенім!

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика