№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айгүл Жұмаділ | |||
2. | Анарбек Қозбақов |
Жайлауды жүрмін сағынып -
Керім - Ай, кеші,
Таңы - ұлық.
Түзде өскен таудың тағысы ем,
Тас қала, қорап үйлерге
Қалғанымды айтшы бағынып.
Тауды аңсап жүрмін, әкемді,
Барында - белім бекем-ді.
Түсіме келіп жүруші ед,
Жоламай кетті неліктен,
Болғаны ма шын жат енді?
Бал дәурен өткен белдерім,
Шөлдедім, өзен - көлдерім!
Қадірін білмей кеттік пе?
Қабірінен басқа әкенің,
Қалды екен енді елде кім?
Жүрегі жақұт, жаны асыл,
пейілі дархан, дара шың!
Ауылым - алтын бесікте
Кіндік бауырды шешіп те,
Ұшырған сәттен қайырылмай
Кеттім-ау,
Кешір,анашым! Анашым!