MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Анашым – сағынышым
Әннің атауы
Әннің атауы:
Анашым – сағынышым
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№13, 7 шілде 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Хасен Зәкәрия
2.Қайырбек Оразбеков
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Қара ошақта қара қазан қайнатып,

Бел жазбаған, ерте тұрып, жай жатып.

Қайран анам, барды жоқты сездірмей,

Қоюшы едің дастарханды жайнатып.

 

Қайырмасы:

Өзің едің – ай, күнім,

Сарқылмайтын байлығым.

Сен жүргенде ойымда,

Аулақ болар қайғы, мұң.

 

Баяу әнмен аялаушы ең сен кешке,

Тастап мені кете бардың келмеске.

Қара көздер, дана көздер нұр тұнған,

Сағыныш боп оралуда енді еске.

 

Қайырмасы

 

Асыл анам, арттың маған көп сенім,

Амал қанша, ойда жоқта қош дедің.

Өкініш сол – көре алмадың қамқорым,

Ұрпағыңның қаулап бүгін өскенін.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика