№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Дулат Айтжанов | |||
2. | Нұргүл Нөкен |
Журналистер – жаңалықтың жаршысы,
Намысым мен рухымның қамшысы.
Жарқыл ой мен тұнығы алтын көмбенің,
Көсемсөз бен даналықтың тамшысы.
Журналистер – ел билігі, айбыным,
Шалқар шабыт жүздіретін айдынын.
Шартарапқа таратса да үндерін,
Артық көрген жанның сұлу байлығын.
Қайырмасы:
Журналистер – ел қамқоры, мақтаным,
Көппен бірге атқызатын ақ таңын.
Халық үні, халық сөзі болуда
Тұрмыстарын жақсартуға басқаның.
Журналистер, журналистер – жаршылар,
Өздеріңмен елдің мұңы аршылар.
Ойың – мұхит, жаның – толқын, жүрегің –
Жағалауды ұрғылаған тамшылар.
Шындықты айтар баспасөздер, арналар,
Бағдарлама, телешоулар, жазбалар.
Тарихи сәт, елдің үні сақталар
Журналистік зерттеу, құнды қазбалар.
Қайырмасы