№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марат Ордабаев | |||
2. | Шынар Кендін |
Таулы дала, шөлейт дала, құм дала,
Құм да болса, құтты еді-ау, бұл дала!
Қара алтыны қайнап шығып жатса да,
Қайнар көзі тіршіліктің – су ғана!
Қайырмасы:
Түйесу!
Түп тамырын жерге жайған кие су!
Құм сүзгіден өзі өткізіп, тұщытқан,
Табиғаттың сыйы, осы!
Құмды алқап жанға – сусын, киікке – ем,
Құбырлармен құлап жатыр биіктен.
Шөлін басып Түбек жұртын, ең алғаш,
Мұнайшының ерінін де жібіткен.
Қайырмасы
Құмды қазып су шығарған шалғайдан,
Сушылардың еңбегі бұл – зор майдан.
Құтты болсын, елу жылдық мерейтой,
Құрметіңе туған елің арнайды ән!
Қайырмасы