№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Хасен Зәкәрия | |||
2. | Қайырбек Оразбеков |
Күліп аққан, сылдыр қаққан Күршімім.
Қос жағаңда ақтармады кім сырын.
Бал бұлақ боп басталады ағысың,
Жуған шықтан өр Алтайдың нұр шыңын.
Қайырмасы:
Күршімнің суынан нәр алған,
Арылмас береке даламнан.
Жағаңда өткізген әркүнің,
Біз үшін бәрі арман.
Күршімнің сулары, сулары,
Ертіске құяды, құяды.
Жағада әндетіп, әндетіп,
Ұл, қызың тұрады.
Таратқаның тірлік нәрі бал-суың,
Содан болар ынтықтырып тартуың.
Кәусәріңа шомылған жан көп жылдар,
Ұмыталмас жел тербеген тал шуын.
Қайырмасы
Түгін тартса майы шығар аймағым,
Жырлайын деп, белді бүгін байладым.
Перзентіңнің махаббатын шалқыған,
Жеткізе алса игі өзің жайлы ән.
Қайырмасы