№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айгүл Жұмаділ | |||
2. | Анарбек Қозбақов |
Құйын өмір, біреуге қиын өмір,
Біреуге бос, біреуге түйін өмір.
Алшы түссін тағдырым пешенеме,
Сынар болсаң пендеңді шиыр, өмір!
Не түссе де жазмышқа көтеремін,
Азап берсең қоса бер шекер-емін.
Ашындырған ащыңды татпағанда,
Дәмін білмей тәттінің өтер едім.
Сор ұсынсаң бағыңды қоса бергін,
Еменнен бер қапталын босаң ердің.
Шарт еткенде жүзіме шапалағың,
Сипаса деп маңдайды тоса бердім.
Сый қып тағы сақтадың әлі нелер?
Арыма бер не берсең, әліме бер.
Жеңіс қимай саған сын, желкелесең,
Жеңе алмасам, маған сын бәрін егер.
Сиқыр өмір, арпалыс, сылаң өмір,
Біреулерге қалтарыс, бұлаң өмір.
Қанжар сұқсаң сыртымнан амалым жоқ,
Қылыштасаң қасқайып тұрам, өмір.