№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Біржан Ахмер | |||
2. | Марат Оразаев |
Тудырған батырымен данасын да,
Қазақтың қайран қалам далсына.
Жомарт елім жайлаған екен,
Алтай мен Атыраудың арасын да.
Қайырмасы:
Қиырсыз кең байтағым,
Мақтанышпен айтамын, жырға бөлеп.
Жайқалған жасыл құрағы,
Сыңғырлап аққан бұлағы,
Жасай бер менің туған Отаным!
Шежіре тұнған тасында,
Тәңірім нұрын шашуда,
Жасай бер менің туған Отаным!
Арқаның қоңыр салқын самалын-ай,
Көкшенің кербез сұлу жамалын-ай.
Шырайлы шығысымның жері,
Тамылжып әрбір атқан таңдарын-ай!
Қайырмасы
Асқақтап Алатаудың арқалы аты,
Жетісу жер ұйығым, жер жәннәті.
Тектілер қоныс тепкен бұл жер,
Бабамның бізге қалған аманаты.