№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алма Түсіпбекова | |||
2. | Марат Оразаев |
Мен оянғанда,
Әлем ғажап сәулеге боянғанда,
Жан әлемім бір сәтке жасын сүртіп,
Мендік көңіл шаттыққа тоя алғанда, сен болшы қасымда менің!
Мен қуанғанда,
Қолыма құламайтын ту алғанда,
Уақыттың жалына бір жармасып ап,
Бақыттың бағын қайта суарғанда, сен болшы қасымда менің!
Сен болшы қасымда менің!
Сен болшы қасымда менің!
Мен күлген кезде,
Қуаныш қырын кезіп жүрген кезде.
Көңілдің азап мұңын серпіп өтіп,
Өмірдің ғажаптығын білген кезде, сен болшы қасымда менің!
Мен іздегенде,
Қайрылмай кетіп қалмай күз кемеңде,
Тастамай уысына жалғыздықтың,
Жанымды көп жауратпай сыз дегенге, сен болшы қасымда менің!
Сен болшы қасымда менің!
Сен болшы қасымда менің!
Мен мұңайғанда, көңілім қалған кезде күн, айдан да,
Мына әлем айрылып ақыл естен, айрылғанда шырайдан да.
Сен болшы қасымда менің!
Сен болшы қасымда менің!