№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марат Оразаев | |||
2. | Қалқаман Сарин |
Көктемім өзің едің күзде келген,
Жаралған жан дүниең ізгі өлеңнен.
Сен меннен алыс кеттің арманым-ай,
Мен сеннен үмітімді үзбегенмен.
Жанымды жүз қуантып, жүз жылатып,
Кетседе жүрмін сол бір күзді ұнатып.
Қуанып қос ғашыққа қол бұлғайтын,
Шақырып баққа қарай бізді бақыт.
Қайырмасы:
Сен жоқсың түз меңіреу, күзім – керең,
Көктемнің күзгі бақтан ізін көрем.
Ілініп жалғыз ғана жапырақ тұр,
Мүмкін сол соңғы үмітім үзілмеген.
Аспанда сан мың жұлдыз жымыңдасып,
Айға сыр айтатындай сыбырласып.
Жанымды жапыраққа жайып тастап,
Тұрушы ем жалғыз саған сырымды ашып.
Тұрсаң да қарсы алдымда күліп керім,
Қайрылмай кетеріңді біліп пе едім?
Желіккен желмен ұшып кетті-ау сонда,
Үзілген жапырақтай үміттерім.
Қайырмасы