MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Сүйіктім
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№14, 26 тамыз 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марат Оразаев
2.Үміт Шарипова
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Таң сәулесі сенің нұрың сияқты,

Құстың үні сенің жырың сияқты.

Тіршіліктің бар бояуы тылсымы,

Оқылмаған сенің сырың сияқты.

 

Тал қайың да сен сияқты биік тым,

Тәтті ғажап сөздеріңмен ұйыттың.

Түн батқанда ертеңіме елеңдеп,

Түнмен бірге сені күттім сүйіктім!

 

Қайырмасы:

Мына әлем жырланады сен болып,

Әдемі әуен тыңдалады сен болып.

Махаббаттың ғажабы мен азабын,

Келші күнім көтерейік тең бөліп.

 

Шөксін таулар аласармас асқарым,

Жүрегімнен мұңымды алып тастадың.

Махаббатсыз нұрсыз сұлу жүзімен,

Қажеті жоқ ұнатқаны басқаның!

 

Ауам сенсің жұтатұғын бір демде,

Алаңсызбын сен қасымда жүргенде.

Махаббаттың құдіретін қарашы,

Жанарыңнан сәуле көрем күлгенде!

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика