MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Шаттығым
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№14, 26 тамыз 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марат Оразаев
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Сол ғажап сәтті күнді,

Шырайлы шақты нұрлы,

Ақ қардай пәктігіңді,

Жаным сені әнге қосып жырлап өтейін!

Қара шаш, қара көзің,

Қылықты бал мінезің,

Ғашық боп қалдым өзім.

Аққудай сені аялап бақытты етейін!

 

Бұлақтай сыңғыр күлкің,

Кетпейді-ау естен шіркін.

Өзіңмен өткен бір күн,

Мен үшін бұл өмірде ең бақытты күн.

Жанымда жүзің жайнап, еркелеп күліп ойнап,

Қызықты бірге тойлап, жүргейсің сен қасымда болып шаттығым!

 

Шырмалып сезіміңе сенің,

Тапқандаймын жанымның емін.

Айналып сағынышқа кетпей,

Жанымда жүр жарқыным менің!

 

Көргенше асықтырған,

Өзіңе ғашық қылған.

Махаббат тасып тұрған,

Бұлақтай мөлдір таза ұлы бір сезім.

Бойымда қаным тулап,

Өзіңсіз жүре алмайтын,

Жаным деп жыр арнайтын,

Менің бұл жалындаған бақытты кезім!

 

Бұлақтай сыңғыр күлкің,

Кетпейді-ау естен шіркін.

Өзіңмен өткен бір күн,

Мен үшін бұл өмірде ең бақытты күн.

Жанымда жүзің жайнап, еркелеп күліп ойнап,

Қызықты бірге тойлап, жүргейсің сен қасымда болып шаттығым!

 

Шырмалып сезіміңе сенің,

Тапқандаймын жанымның емін.

Айналып сағынышқа кетпей,

Жанымда жүр жарқыным менің!

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика