№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы | |||
2. | Омархан Алтынбек |
Алпысқа келдік тұғырлы,
Кәрілік торы құрылды!
Кезінде өлең арнаған,
Қыздарым қайда бұрымды?!
Ұғатын айтпай сырымды,
Жүретін жаттап жырымды.
Жымиған әрбір сөзіме,
Арулар қайда бұрынғы?!
Қайырмасы:
Уақыт деген қас қағым!
Алпысқа аяқ басқаным!
Кешегі қайда жиырма бес?
Барады-ау өтіп жас шағым!
Кей кезде болды қол қысқа,
Жастығым қалды қай тұста?
Болсада біздің көңіл жас,
Келіпте қалдық алпысқа!
Ағарып шаш та бастағы,
Көңілге қаяу тастады!
Қартайды мені демесін,
Серімін алпыс жастағы!
Қайырмасы
Жырымды елге төккенім,
Бұрама жолдан өтпедім!
Айбарлы барыс жылында,
Мерейлі жасқа жеткенім!
Жас шіркін менің жүрегім,
Әлі де ойнап күлемін!
Мен жеткен асқар алпысты,
Баршаңа елім тіледім!
Қайырмасы