№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айгүл Қалтайқызы | |||
2. | Марита Қабижанқызы |
Тоңдым...
Гүлді шәлідей оңдым,
Үстінде екем, қиырсыз, шетсіз жолдың.
Солдым...
Бақпын ба?
Бәлкім, сормын
Жылулық табын, сезгендей-ақ бір қолдың.
Толдым...
Таңданып әбден болдым,
Өзіне баурап, әкетті бір жан, ол кім?!
Өкпе...
Артылар маған көп пе?!
Кінәлап босқа, тағдырды біздің сөкпе.
Кетпе...
Қасымнан ұзап көкке,
Жанымды емде, сезіммен нәзік өпте
Текке...
Жүрекке мұңды екпе,
Сүйген жүректер, байланбас болар кекке.
Баққа...
Кешқұрым туған шақта,
Апаршы мені, бақыттың шамын жақ та.
Хақ па?
Бұйыртпа онда жатқа.
Сезімнің кілтін, жасырып қана сақта.
Аққа...
Тәңірдің өзі жақ па?
Отыршы мәңгі, жүрегімдегі таққа!
Кіршіксіз болса көңіл,
Жүректе қалмас дақ та!