№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Аманжол Мақажанов | |||
2. | Марита Қабижанқызы |
Жүрегімнің әмірін тізбектедім,
Өлеңіме сыйдыра күз, көктемін.
Көктемінде жүрекпен бір жасарып,
Мұңы болса, сағына күзді өпкенмін...
Қайырмасы:
Мен – жүрегімнің хатшысымын,
Тыңдаудамын жүректің жақсы сырын.
Сырласудың соңында өлең туып,
Ал, жүректе тұңғиық жатты сырым!
Жүрегіме бағынды тағдырым да,
Жүрегіме сыр бүккен барлығы да.
Бақ пен мұңын қабылдап бұл пәнидің,
Жарақаты өлеңмен таңылуда.
Қайырмасы
Жүрегім, сен тоқтама, жалынамын,
Жаутаңдатып сыйлама жаныма мұң.
Қару емес, қаламым асынғаным,
Соқ жүрегім, жасыма, жалындағын !
Қайырмасы