№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы | |||
2. | Омархан Алтынбек |
Біз қазақпыз үміт күткен жастардан,
Салтымызды сақтау бізге басты арман.
Құда түсіп, сырға салу, бет ашу,
Екі жастың отауынан басталған.
Әке-шеше, ата салтын жоймаған,
Құрсақ шашу, бесік тойын тойлаған.
Кіндік пенен тұсау кесіп, тектілер,
Ұрпағының болашағын ойлаған.
Қайырмасы:
Қазақ халқы – ұлысың,
Арта берсін ырысың!
Салт-дәстүрі бабамның,
Тарихым мен тынысым!
Салт дәстүрді шығармайық санадан,
Бата алғын, ата менен анадан.
Елді жиып, сүндет тойды жасауды,
Әрбір әке парызым деп санаған.
Ұлтымызбен мақтанайық, мақтайық,
Дәріптейік дәстүрлерді жақтайық.
Салт-дәстүрім – төл құжаты қазақтың,
Ата-баба аманатын сақтайық.
Қайырмасы