MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Қарадала
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№15, 23 қыркүйек 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Айгүл Жұмаділ
2.Анарбек Қозбақов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Хан – дала,

Қасиетті – Қарадала!

Қарт дала,

Қайран дала –

Дана дала.

Төскейі төсек болған бабама да,

Белесі бесік болған балама да.

 

Ән дала,

Әуен дала,

Әсем дала,

Күн асты тұрсаң екен есен ғана!

Құласам құшағыңа, сүйе мені,

Жығылсам жығыламын есеңді ала...

 

Жусанды,

Жұпар дала,

Жұмақ мекен,

Шалғынды, шал-кемпірдей шуақты екен.

Тарихым – қан менен тер саған сіңген,

Тамырым сенен тартса, қуатты екем.

 

Боз дала –

Бозінгенім,

Құдіреттім,

Жаралған топырағыңнан жұмыр етпін.

Сенде өткен балалығым балдан тәтті,

Туғаннан тау-тасыңды тұғыр еттім.

 

Сар далам –

Сағым қайнап шымырлаған,

Самалың – сағыныш қой сыбырлаған.

Керілген кербез далам, бозала таң

Көгіңде бозторғаймын шырылдаған...

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика