MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Әкені аңсау
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№15, 23 қыркүйек 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Төлеужан Ғұмаров
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Сағыныш деген сезімнің,

Иесі сенсің әкешім.

Өмірде асыл сөзімнің,

Киесі сенсің әкешім.

 

Талпынсам шынар биікке,

Қанатым болып демедің.

Ескегі болдың жан әке,

Дарияда жүзсем кеменің.

 

 

Жарқырап жүрсің түсімде,

Жабықпай жүрші, балам, деп.

Жаратқан ием жар болсын,

Сағынады екен адам тек.

 

Ұлы едім, әке, өзіңнің,

Бағыңнан тал боп тараған.

Адал бол деген әр сөзің,

Өшетін емес санадан.

 

 

Өзіңе деген махаббат,

Ұлыңда жүр-ау жалындап.

Өмірде маған жол ашты,

Өзіңнен алған тәлім бақ.

 

Ойласам әке өзіңді,

Жабырқап қалады жан денем.

Бір саған деген сөзімді,

Жеткізе алмаспын әнменен.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика