№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтынай Рысбекқызы | |||
2. | Марита Қабижанқызы |
Қараңғы кіре нөсерін төкті жер шымға,
Көзімді жұмсам көлбеңдейді бір сұлба.
Бір мұң бар мына естіліп тұрған тырсылда,
Жауын боп келіп кешірім сұрап тұрсың ба?
Тап-таза көңіл тырсылды мұңға сенсін бе?
Тұп-тұнық тамшы, жүрекке еніп сіңсін де…
Бұлттардан сұрап, іздемейін, мен де енді,
Ақ жауын болып, жылап тұрған, сенсің бе?
Қайырмасы:
Күркіреп жыла сіркіреп жыла, қымсынба!
Әр тамшыңдағы су болайын, мың сырға!
Күз болып кеше жапырақ сеуіп кетіп ең,
Ақ нөсер төгіп көктем боп келіп тұрсың ба?!
Толассыз тырсыл, сырлы мұңға канықтым,
Не дейін саған? Өзіндей мен де, ғаріппін!
Түнеріп бүгін қосылып жылап алайық,
Таң ата сала жылытар бізді жарық күн!
Тамшылай түннің тынышын ұрлап сел еттің,
Тозаңын шайып тазалап талдың, теректің.
Жауа бер жауын, жауа бер нөсер, сағындым!
Шөліркеп жүрген шөлдегендерге керексің!
Қайырмасы