№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Тағдыр сыны, мәңгі кетпес есімнен,
Сәттер еді өзім бастан кешірген.
Жүрек қалап, ғашық болдым бір қызға,
Бозбала шақ, сонау бала кезімнен.
Қайырмасы:
Өзіңсің сүйгенім, жан емім,
Қимаймын қайтейін әдемім.
Бұл тағдыр қаталдық танытып,
Салды ғой сезімнің әлегін,
Сені ойлап күндіз де, түнде де,
Тарылды өзіңсіз әлемім!
Көп ұзамай отау құрдық қос ғашық,
Бақытты өмір, қуанышпен жалғасып.
Ұзақ жылдар перзент болмай арада,
Ажырадық, қимастықпен қоштасып…
Қайырмасы
Отыз жылдық кездесуге барғанда,
Жолыққандай күйге түстім арманға.
Отбасыма, бақытты өмір тілеген,
Сүйгенімді қимайды екем жалғанда!
Қайырмасы