№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Аманжол Мақажанов | |||
2. | Марита Қабижанқызы |
Оянды дала, боянды нұрмен шуақты,
Жылғадан жылжи, сыңғырлы үнмен су ақты.
Көктеммен келген мереке күнім көңіл кең
Әз-Наурызым, жаңа бір әуен құрапты.
Жер ана шіркін, жібітіп қатқан тоңдарын,
Жасарып қапты, бусанып қара жолдарым.
Құстарым сайрап, құшағына енсе көктемнің
Әнімен өпті, туған жер қалың орманын.
Қазақилықтың иісі аңқып тұрған көктемім,
Наурызыммен дәстүрім, салтым көктедің.
Бауырға басып, назынан ескі арылып
Шекпенін шешіп, қыртысын жазар өкпенің.
Көжесін ішіп, сыбаға тарту асылып,
Көңілдер жатар, тілектер тілеп тасынып.
Төрт түлік малы масайып күннің нұрына
Өзара жақын еркелей тұғын, қасынып.
Әз-Наурызым алтыбақан боп тербеген!
Көкпарын тартып, сәйгүліктері терлеген.
Даланың дара, ұлтымның ойын сауығы
Қазақи әнмен құмарын басып теңдеген.
Әз-Наурызымнан басталып еді жыл басым!
Барыс жылғылар кеп қапты биыл құрдасың.
Наурызым жайлы сүйінші сұрап халқынан
Көктемнің күні құстардың әнін жырласын!
Әз-Наурызым еліме бақыт сыйласын
Сағынтып келген жаныма жақын сырласым!