№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы | |||
2. | Ырысбек Жанболат |
Сағыныш сағымындай сар даламның,
Шырқай қалсам жетер ме салған әнім?
Туған жерде іздер бар, жүріп өткен,
Жылдар жыртып, жапқандай әр парағын.
Тай құлындай тебіскен тентек күнім,
Сағындырып, алыста қалды-ау бүгін.
Ой жүгіртіп қарадым өткеніме.
Жабылғандай жастық шақ шымылдығың!
Шаттығымды тұратын тыңдап аспан,
Маңдайыма сәуле боп нұрын шашқан.
Сәби күндер, ата-анам бар кездерім,
Батқандай ма, күн бейне, қырдан асқан.
Жылдар жылжып, өзеннің ағысындай,
Бәйгеге қосқан тайдың, шабысындай.
Жетегінде кетті ме, өткен шағым,
Мөлдір шықтың, үзілген, тамшысындай.