MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Ұлы тұлға – Дінмұхаммед Қонаев
Әннің атауы
Әннің атауы:
Ұлы тұлға – Дінмұхаммед Қонаев
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№15, 23 қыркүйек 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Әннің бейнебаяны
Ән мәтіні

Аттамаған ата-дәстүр салтынан,
Ел бірлігін асырған, өз даңқынан.
Әрбір ісі, сәйкес келіп сөзіне,
Алғыс алған, зор құрметпен халқынан.
Жәй-жапсарды ойлаған жан арыдан,
Мансап, байлық биік болмай арынан.
Баптап, баққан әкесі мен анадан,
Тәрбие мен көрегендік дарыған.

Қайырмасы:
Ер есімін мақтағанға жоқ айып,
Дұға-құран бағыштайық  қол жайып.
Есімізде, жарқын оның бейнесі,
Ұлы тұлға – Дінмұхаммед Қонаев!


Жас өренге көрсеткен жан сан үлгі,
Өркендеуге салдың күш пен жаныңды.
Көп кедергі шықса дағы алдыңнан,
Әз жаныңа серік еттің сабырды.
Елдің жәйі жаулаған бар санасын,
Қырық қала сап, көркейтті де даласын.
Еңбектерің, атап айтар орасан,
Халқың үшін ұлы тұлға, дарасың.

 

Қайырмасы

Жетістігі қалың жұрттың еленді,
Жеткізердей көк аспанға төбеңді.
Ақын, сазгер, жазушыны құрметтеп,
Көмек беріп, бағаладың өнерді.
Зор құрметке ие болдың еліңде,
Қазағыма бақ боп келдің тегінде.
Ұмытылмас тұлға болып, халқыңа,
Мәңгілікке атың қалсын өмірде!

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика