№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айару Бақтияр | |||
2. | Аймұрат Мәжікбаев | |||
3. | Орал Байсеңгір |
Бақытыңды басқадан іздедің сен, аяулым, асылым
Үмітіңді өзіңнен іздедім мен, аңсадым ғашығым.
Неліктен махаббаттың гүлі солды айтылды жүрек жыры соңғы
Қарамадың бұрылып, менен мәңгі түңіліп кеткені ме пәк сезімдер суынып.
Қайырмасы:
Аққуым аяулым арманым,
Арайланған таңдарым.
Неліктен сен алдадың сезімдерді.
Жанымды, әнімді арнадым,
Түсіне сен алмадың,
Мөлдір шықтың қалғанын көзімдегі.
Тағдырдың жазғанына барма шара,
Қош менің қымбаттым, жүрегіңде жалын от қалмаса да,
Соңғы рет тіл қаттың.
Бақытыңды тілеймін кетсең шалғай,
Жүре алмаспын есіме алмай,
Қатар ұшқан сыңарым, сөнбе сезім шырағым,
Өзіңе арнап жазылған жыр әнім.
Қайырмасы