№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы | |||
2. | Мұқағали Мақатаев |
Менің досым, болсаңшы кешірімді,
Сабыр етші, тауысайын несібімді.
Басталмаған ісім көп, аялдашы!
Қақпашы тым ертерек есігімді.
Алам десең, пендеңнің жаны дайын,
Тоқташы, тіршіліктен жалығайын.
Рақатқа белшемнен батпасам да,
Қалтам толы сорымнан арылайын.
Осынау азын-аулақ тәтті өмірді,
Қайтер еді өткізсем сәл көңілді!
Аялдашы, бой жазып, бір түзейін,
Өкінішпен ұзатқан күндерімді.
Баянсыз жылдарым бар текке кеткен,
Бишара жандарым бар өкпелеткен.
Әлде мені тірлікте масқаралап,
Өмірдің азғыны боп өт демек пе ең?!
Қапаста жатса-дағы күрсінбеген,
Жомарт менің жүрегім дүрсілдеген.
Міне, соның жасырмай алуан сырын,
Ақтарайын, ел-жұртым білсін деп ем.
Риза етіп досым мен қастарымды,
Жастанайын сонан соң жас қабірді.
Тым болмаса сөнейін бір жарқ етіп,
Қишы маған әзірше жас жанымды.