MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Аққу махаббаты
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№16, 3 қазан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
2.Серік Сейтеков
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Көлде жүзген қос аққуым, нәзігім,

Сыр айтысып әсемдейді жаз үнін.

Ишарамен түсініскен бір-бірін,

Қос ғашықтың жүрегінен наз ұғын.

 

Қайырмасы:

Мекендері тұнық айдын аралы,

Бал-бұл жайнап, мөлдірейді жанары.

Ажырамас пәк сезімі аққудың,

Адамдарға үлгі беріп тұрады.

 

Жылда келіп, қоныстанар тұрағы,

Жандарына жайлы жасыл құрағы.

Айдын көлде тербетілген қос аққу,

Махаббаттың таза, кәусар бұлағы.

 

Қайырмасы

 

Сезімдерін қорғап адал жанындай,

Ардақтаған махаббатын арындай.

Айдыныңда аман жүзші аққулар,

Сыңарыңды адаспай тап жаңылмай.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика