№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы | |||
2. | Назира Оңғар |
Мен қыранмын, сермеген қанатын тым,
Ал, қанатым – қастерлі ана тілім!
Тілім сынса, ұша алман, ал ол барда,
Белгілі биіктерді алатыным.
Мен даламын, бабалар үні сіңген,
Тілім – ауа, жұтамын уысыммен.
Ұлаң ғайыр, кең байтақ болғаныммен,
Ана тілсіз бәрі құр, тынысым кем.
Мен – орманмын, саямын, жұртқа деммін.
Бұл мысалды әр бір жан құпта дермін.
Тілім – ағын, мөлдір су, ал онсыз бір,
Қураған тал немесе құртқа жеммін.
Мен адаммын, ал тілім-күнім менің,
Шуақ төгіп тұрғанда түңілмедім.
Түн тұмшалап мәңгіге қалар болса,
Күнімменен сөнердей бүгін демім!
Ана тілім бәрінен ұнайды біл!
Тазалықты, байлықты құрайды кіл.
Төрткүл дүние құлақ түр, сақта есте,
Менің тілім ең сұлу, шұрайлы тіл!