№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлайым Қуандыққызы | |||
2. | Марита Қабижанқызы |
Бақыттың кілті қолымда,
Анашым жүрсе жанымда.
Бір гүлің мен де жайқалған,
Ғұмырдың мынау бағында.
Қайырмасы:
Біз үшін тыным таппаған,
Күн-түні күтіп баптаған.
Өзіңмен өмір көрікті,
Сүйеніш болған ақ мамам.
Алаңдап өткен күндері,
Ұйқысыз өткен түндері.
Мейірім төгіп жүрекпен,
Түсінсін сендей кім мені?
Қайырмасы
Жанына жақын балаған,
Айналдым сенен жан анам.
Жаныңа түспей көлеңке,
Өмірде күліп, жүр, аман!
Қайырмасы