№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Жанашырым апатайым, жездеммен.
Лайықты боп, бір-біріне кез келген.
Бақыттарың бола берсін баянды,
Сүйсінетін дос жараның көз көрген.
Қайырмасы:
Мен білетін дарқан пейіл адамдар,
Татулықты шын бақытқа балаңдар.
Қызығына бөленіңдер ұл-қыздың,
Осы әнімді тартуым деп санаңдар.
Көрсететін сендерсіңдер бізге жол,
Апа, жезде ақ тілегім сізге мол.
Бұл өмірде жазылмасын жұптарың,
Қол ұстасып апа жезде жүзге тол.
Қайырмасы
Арамызда зор сыйластық жүрсін бек,
Жиендерім қуаныштан күлсін тек.
Ақ ниетті апам менен жездемді,
Іздеп тұрар жүрек шіркін дүрсілдеп.
Қайырмасы
Бұл әнді өзіме қайдан жүктеп алуға болады?
Өте керемет жазылған, сөзі де әні де тамаша!