№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы | |||
2. | Қайрат Құматайұлы |
Бір кем дүние дегені,
Шындықтың жерде жоқтығы.
Аштықтан кедей талықсып,
Кекірген байдың тоқтығы.
Бір кем дүние дегені,
Әділдіктің жоқтығы.
Күн үшін жүрген кедейге,
Байлардың айтқан боқтығы.
Қайырмасы:
Бір кем дүние дегені,
Шерханның айтқан, шер-мұңы!
Азғантай ғана қазақтың,
Қасіретінің көптігі.
Бір кем дүние дегені,
Ақиқаттың жоқтығы.
Елім деп туған естіден,
Ессіздердің көптігі.
Бір кем дүние дегені,
Құндылықтың жоқтығы
Дәстүр мен тілді ұмытқан,
Мәңгүрттердің көптігі.
Қайырмасы
Бір кем дүние дегені,
Қанағаттың жоқтығы,
Несібесін жеген халқының,
Жемқорлардың көптігі.
Бір кем дүние дегені,
Білімнің бізде жоқтығы.
Жаңалық ашар ғалымнан,
Залымның биік шоқтығы.
Қайырмасы
Бір кем дүниедегені,
Ақпенен қара егесі.
Жақсының ұшқыр ойынан,
Жаманның озған есебі.
Бір кем дүние дегені,
Жастықтың дәурен өткені,
Таяғына сүйеніп,
Аяңдап қарттық жеткені.
Қайырмасы
Бір кем дүние дегені,
Мейірім кеткен адамнан.
Қу дүние үшін інісі,
Ағасын алған жағадан.
Бір кем дүние дегені,
Ар-ұят кеткен санадан,
Төл-тілін білмей өлгенше,
Бақилық болды қанша адам.
Қайырмасы