MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Генерал бол
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№16, 3 қазан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
2.Мақсат Сабырбеков
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Тынбай еңбек етесің, жоқ таласым,

Қаталдығың, ол да тапқан жарасым.

Көргендеймін, Тазабек Аяповтан,

Момышұлы батырдың көз қарасын!

 

Қайырмасы:

Қиындықты ерлікпенен жеңер бар,

Азаматқа өжеттік пен керек ар.

Үлгі тұтар ұландарға, қазаққа,

Нақ өзіңдей керек шығар генерал!

 

Мақтан етем жас ұрпаққа өзіңді,

Ерен еңбек дәлелдейді сөзімді.

Қатардағы сарбаздарды шыңдайсың,

Мықтылыққа, болаттай қып төзімді.

 

Қайырмасы

 

Темір тәртіп, әскери шын өмірде,

Қызмет жасап жүрсің барлық өңірге.

Шығыс, батыс, оңтүстік пен солтүстік,

Қазағымның даласының төрінде!

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика