№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы | |||
2. | Мұқағали Мақатаев |
– Дұшпаның бар ма? – дейсің,
Қайдан білем...
Әйтеуір, жүрген жерім – сайран кілең.
Қазақтың қайсы үйіне барсам-дағы,
Алдымда – ақ дастарқан, жайған кілем.
Дұшпаным жоқ-ау деймін, түрі жаман...
Сірә, мен бұл майданда тірі қалам.
Қазақтың қайсысымен кездессем де,
Қайрылмай кеткені жоқ бірі маған.
Дұшпаның бар ма, – дейсің, қайдан білем?
Асыр сап ортасында, ойнап жүрем.
Сірә мен, бақыттымын, дұшпаным жоқ,
Үйден шықсам, сауық пен сайран кілең!
Қайғырмаймын соңымнан сөз бөскенге
Білемін бұғатынын кездескенде.
Әйтеуір, жүздерінде жылылық бар,
Қазақтың қайсысымен кездессем де.