MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Кішірейіп жүрмін
Әннің атауы
Әннің атауы:
Кішірейіп жүрмін
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№16, 3 қазан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Кішірейіп жүрмін, жарым озғалы өмірден,

Көзден кетсе де, кетпейді ғой ол көңілден.

Жарым бар кезде, жарық болатын, жан-жағым,

Кезі жоқ еді, көзімнің жасы төгілген.

Кішірейіп жүрмін, аласарумен өтер күн,

Арысым мені, кімге қалдырдың, не етермін.

Жалған дүние мәңгілік тұрмас басымда,

Бір күні мен де, жалғаннан мынау өтермін.

 

Төзімім бітіп, қалмады мүлде сабырым,

Жабығып жүрмін, жан дүниемде тағы мұң.

Өз өмірлерін ойлайды екен ұрпағың,

Ана атанып, иіген еді-ау тамырым.

Кішірейіп жүрмін, сын сағат таяп бара ма?

Дәм-тұзың бітсе, сұм ажал аяп қала ма?

Ұлым сыйлайды, сый көрмей келем келіннен,

Өмірдің соңы, сүреңсіз аяқтала ма?

 

Қоса қартаю арманым еді, алдағы,

Бұлыңғыр күндер, тағдырдың басқа салғаны…

Бақытым менің оралмас қайта өтті ме?

Болашағыма сенім мен үміт қалмады.

Жәутеңдеп жанар қарады күнім келінге,

Қанша ғұмырым қалды ғой дейсің менің де,

Ана деп сыйлап шашымның ағын құрмет қыл,

Қалқамай келер қартайар шағың сенің де.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика