MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Менің атам майдангер
Әннің атауы
Әннің атауы:
Менің атам майдангер
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№16, 3 қазан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Атам жайлы айтар болсам мен бүгін,

Армандаған өз халқының теңдігін.

Отан үшін жауларымен айқасты,

Ұмытпаймыз қайсарлығын, ерлігін!

Сол соғыстан аман келген атам – ер!

Батырына кең құшағын жаяр ел,

Атын айтып мақтанамыз, ұрпағы,

Аңыз адам, менің атам – майдангер!

 

Өз елінің мол үмітін ақтаған,

Ұл мен қызын өнегемен баптаған.

Оққа ұшып, опат болған майданда,

Достарына зор құрметін сақтаған.

Менің атам – ер майдангер, сыйлы адам,

Аттамаған адамилық ибадан.

Өз үлесін қосып, жаудан тазартып,

Бейбіт күнді бәрімізге сыйлаған!

 

Соғыстан соң жұмыс жасап қарқынды,

Елемеген ыстық пенен салқынды.

Төс белгілер – жемісі ғой еңбектің,

Із қалдырдың, дәріптейміз даңқыңды.

Бейбітшілік – от алауы, сөнбесін!

Сұм соғысты, енді елім көрмесін!

Қанын төгіп, жер мен елді қорғаған,

Майдангерлер аты мәңгі өлмесін!

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика