№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Он үш жаста балғын шағым, тез өтiптi балалық,
Ол жылдарды бәрiмiз де бақытты деп санадық.
Перiштедей пәк болдық біз, мәз-мейрам боп бiз жүрдiк,
Бала едiк, қайдан болсын бiзде ол кез қаралық.
Жиырма бесте сайран салдым, ештеңе де ойламай,
Өмiрдiң де заңдарына мән бермедiм, бойламай.
Әке-шеше бар кезiнде шалқып жүріп, алаңсыз,
Беттерiн де қайтарып ем жiгiттердiң мен талай.
Сондықтан ба, iздегенде маған керек бақытты,
Таба алмадым сүйiктi жан, босқа өткiзiп уақытты.
Өмiз заңы шығар деймін, сондай дархан күндерде,
Айырылып анашымнан, жан дүнием қамықты.
Отыз жетi мүшел жасым жеделдетіп жетті тез,
Мен ол кезде тұрмыстамын, перзенттердi сүйген кез.
Қатты ауырып әлсiредiм, сынақ келді Алладан,
Деп тұрғандай, құдіреттің бар екенін тездеп сез.
Жалынумен бiр Аллаға күндiз-түнi емделдiм,
Қаным аз боп бiр өлiмнен қалған кезiм ол менің.
Көрер күнiң бар екен деп мүсіркедi ау, Жаратқан,
Қуанып мен жүре бердiм, өзгелерден кем бе едiм?
Жылжып солай өте берді жайбарақат күндерiм,
Әлi есiмде еркелiкпен емiн-еркiн жүргенiм.
Естен шығып қиын күндер, бiр Аллаға жалынған,
Шалқып басып өмiрiмдi өз ойымша сүргенiм.
Қырық тоғыз, мүшел жасқа жеттiм мiне тағы да,
Мүшел жастан жеңіл өтсең әр адамның бағы да.
Бизнес бастап көрiп едiм, содан оңбай сүрiнiп,
Қиындыққа тап келгенде сынды тiптi сағым да.
Шыға алмай тығырықтан ағыл-тегiл жыладым,
Шағым айтып Жаратқанға көздiң жасын бұладым.
Өте алмай басқа түскен сынағынан Алланың,
Тәубеге кеп, сол күндері мешіт болды тұрағым.
Түс көрдім мен бір күні, нағашым әкемменен,
Қайнап тұрған хауызға, сүйреп мені келеді екен.
Күйемін,жіберің деп жалынып, жалбарындым,
Тыңдамады, сол суға олар, лақтырды бар күшіменен.
Қорқып кеттім, біттім ғой деп, безеу қақтым,
Бір қарасам күймеппін, сап-сау қалпым!
Ыссы суға бір батырып мені олар шығарды да,
Ғайып болды екеуі, түсінбей, аң-таң қалдым.
Сол түстен соң , өзгердім ғой түбегейлі,
Жеңгендеймін, артқа тастап қорқыныш пен үрейді.
Алланың сынақтары қатал да, қыйын екен,
Өз басынан өткізбеген, мүмкін мұны білмейді.
Аллаға шүкір дедім, өтініш, тілек айтып,
Тауып алдым өзімді, әп-сәтте, райдан қайтып.
Ота жасау керек деді дәрігер, алпыс бірде,
Мұндай сыннан, халқым ау, қашарсың қайда тайқып?
Ей, Алла! Өзің көріп, есітіп тұрсың ғой деп,
Мойынсұндым, Алланың тағы да бір сынына бек,
Жылдамдықпен көтерді де, бір тылсым күш,
Мүмкін емес жылдамдықпен тастады ғарышқа әкеп.
Сол жерде көрдім мен ,таңғажайып сан ғажапты,
Керемет боп жайнап тұр, жарқыраған аспан асты.
Әр адамның өзінің ұяшығы болады деп,
Таныстырып, түсіндірді бір тылсым күш ғаламатты.
Баяндайын, көргенімді мен сіздерді таңдантып,
Қойғандай ақ, миллиардтаған ұяшықты самсатып.
Есік те жоқ, құлып та жоқ, қалайша деп,
Жауап алмай сол сұраққа, жерге түстім мен қайтып.
Көзімді ашсам, наркоздан жаңа ғана шығыппын,
Өң мен түстей, сол көрініс, ғажап, әрі қызық тым.
О дүниеде, әр ісіңе жауап берер кез келер деп,
Үлкендердің айтқандары дұрыстығын мен ұқтым.
Қызық болмас басқаларға, менің осы жазғаным,
Алла барын ұғыну – болған басты арманым!
Құдыреттің күші мұндай болатынын білген соң,
Көрген-білген, түйгенімді, адамдарға арнадым.
Ғұмыр болса, мүшел жастың келетіні, бұл анық ,
Әр мүшелде сынақ келіп, тұрасың ғой сыналып.
Сол сынақтар – біз істеген істердің, жауабы екен.
Жаратқанның сындарына, сабырлықпен шыдалық!
Әркімде бар өмірінде алға қойған көп мақсат,
Кейбір кезде, абайламай, аяқ бассақ біз жаңсақ.
Кешірімшіл құдіреттің, белгілерін түсініп,
Ең керегі, бір Аллаға махаббатты біз тапсақ!