№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы | |||
2. | Омархан Алтынбек |
Сағындым...
Түсінбей сырын жанымның.
Мұң басқан шерлі хәлімнің,
Мұңынан енді арылдым.
Білмедім...
Сорыма келген мұң ба едің?
Өзіңсіз өтіп күндерім,
Қалғандай құр сүлдерім.
Арманым...
Рас боп, шықты жалғаның.
Ұйқысыз атқан таңдарым,
Білмеймін кімді алдадың?
Сенбедім...
Дертіме дауа сен бе едің.
Ойладың бағын өзгенің,
Біреуден сонда кем бе едім?
Қызғандым...
Сезілді лебі ызғардың.
Уәдені беріп бұзған кім,
Менсінбей неге сыздандың?
Ашындым...
Сырт көзден сырды жасырдым.
Сыйламай ағын шашымның,
Өзгеге қалқам бас ұрдың.
Өсірдім...
Келмеді жүректен өшіргім,
Жүзіңді торлады кесір мұң,
Амал жоқ, мен сені кешірдім.
Кешірдім...