№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы | |||
2. | Мақсұтқан Баркөл-Дәлейұлы |
Мезгілсіз қара жерде гүл болмайды,
Сезімсіз тар кеудеде сыр болмайды.
Мысалы бұл өмірдің әне солай,
Ағатын ойдан өрге су болмайды.
Наданда күйзелетін мұң болмайды,
Төрдегі көрдегіге құл болмайды.
Мысалы бұл өмірдің әне солай,
Төбеңде күн тұрғанда түн болмайды.
Демеңіз қызы барда ұл болмайды,
Демеңіз мұзды тауда су болмайды.
Мысалы бұл өмірдің әне солай,
Оқыған шоқығанға құл болмайды.
Өлкеде өзені мол жұт болмайды,
Аспанын адасқанның бұлт торлайды.
Мысалы бұл өмірдің әне солай,
Еңбексіз еріншекке құт қонбайды.
Төбелер көтермесе құз болмайды,
Өзеннің өзегінде мұз болмайды.
Мысалы бұл өмірдің әне солай,
Ойсыздың өмірінде із болмайды.