№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Әліппеде анықтар,
Қырық екі әріп бар.
Білімдінің алдында,
Жағылады жарықтар.
Қырық екі әріпті,
Бізге ұстаз танытты.
Жалқау болмай жаттайық,
Алып дұрыс бағытты!
Әріптен сөз құрайық,
Білімге бет бұрайық.
Жақсы оқып мектепте,
Аяққа нық тұрайық.
Қырық екі әріп бар,
Құдіретін танып қал.
Білімі мол өрендер,
Қыран болып шарықтар!