№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы | |||
2. | Мақсат Сабырбеков |
Туған күнім бола берсін жыл сайын,
Құттықтаулар қабылдауға мен дайын!
Бір өлеңді тарту етсем өзіме,
Ақ тілекке ортақ болар ағайын.
Қайырмасы:
Қуанышым үзілмесін әрдайым,
Базарынан өмірдің мен қалмайын!
Тума-туыс, дос-жаранның алдында,
Думандатып, тойды тойға жалғайын!
Әкем-анам, өмір сыйлап өсірді,
Қатем болса, махаббатпен кешірді.
Жасым менің ұйғайса да жыл санап,
Көңіл шіркін, әлі бала секілді!
Қайырмасы
Өмір – сынақ, сын берілсе өтейін,
Ән салғысы келіп тұр ғой көкейім.
Сәнді, мәнді ғұмыр кешіп жалғанда,
Мақсаттарға қиындықсыз жетейін!
Қайырмасы