№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айгүл Қалтайқызы | |||
2. | Марита Қабижанқызы |
Үп ете қалдың, тымырсық түні желсіз.
Жалған дүние де, ұшы қиырсыз енсіз.
Ынтызар жүрек, шарқ ұрып іздемей ме?
Шыдайды қалай, шыдайды қалай?
Менсіз...
Жүргендей екем, жапанда жалғыз елсіз,
Сағыныш кернеп, табаным қалды жерсіз.
Байлауға келмес, сезімді көзсіз мынау,
Шыдатам қалай, шыдатам қалай?
Сенсіз...
Өте ме өмір, салтанат құрмай сәнсіз.
Мағынасы жоқ, адасқан сезім мәнсіз.
Көңілдің көркін, жүдеген сазды сезбей,
Көтерем қалай, көтерем қалай?
Әнсіз...
Болмайды мұңым, сірә, бір нәзік қылсыз.
Күміс күлкім де, астарлы ойлы сырсыз.
Өткен шақтағы, естелігімді еске,
Түсірем қалай, түсірем қалай?
Жырсыз...