MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Тілес баба
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№16, 3 қазан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Мұратхан Егінбаев
2.Әли Ысқабай
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Ақылдылық дарын беріп жаратқан,

Даналықпен елді аузына қаратқан.

Құтым тегі Тілес баба ақылман,

Шапағатын жалпақ жұртқа таратқан.

Ақтарғанда ақыл кенін балқытып,

Тыңдаушысы масаттанар жал бітіп.

Ел таныған ұрпақтары дарынды,

Шабыттанар шаттық әнін шалқытып.

 

Қайырмасы:

Ел-жұртын барша тең көрген,

Сөзімен жылы дем берген.

Мәнерлеп сөздің нақылын,

Бабамыз Тілес кең төрден.

Қорытып даудың шешімін,

Айтатын нақты кесімін.

Ұрпағы мақтан етеді,

Ақылгөй дана есімін.

 

Көсем сөзбен әңгімесін бастайтын,

Сабырымен сестіні де жасқайтын.

Ойы өрісті кенен ақыл иесі,

Даукестің де мысын басып тастайтын.

Табиғаты көркем жердің түлегі,

Бәйтеректей өркен жайып түледі.

Өсиетін ұран еткен бабаның,

Ұрпақтары өсіп жатыр жетелі.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика