MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Ақын жаны
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№17, 30 қазан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
2.Эльмира Сәрсенбайқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Оратылып жатқанда дала мұңға,

Қара күздің қаяу бар қабағында.

Біртүрлілеу бір өксік тіреліп тұр,

Ақынның жүрегі мен жанарында.

Сыр шертті оны демеші өлеңіне,

Өлеңінің үңілші, тереңіне!

Жылап жатса бір ақын сұрамашы,

Себебі не дей көрме... керегі не?

 

Қайырмасы:

Жақын іздеп осынау жат қоғамда,

Жанын ұғар бір пенде таппағанда.

Бірде күліп, ал, бірде мұң кешетін,

Ақын жаны – үлбірек, мақтадан да.

 

Жақынының көп көріп қиянатын,

Жанарынан ащы жас жиі ағатын.

Ғашық болса біреуге, таңырқама,

Ақында да жүрек бар сүйе алатын.

Шығар елге жұмбақтау не сіз үшін.

Ақынның жаны нәзік, негізі шын.

Ақынды жақсы көру – бір керемет,

Ал, оның жанын ұқсаң, егізісің!

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика