MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Ата заңым – қорғаным
Әннің атауы
Әннің атауы:
Ата заңым – қорғаным
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№17, 30 қазан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Тарихы бар заңымның Әлімсақтан,

Салт-дәстүрін дәріптеп, тәлім тапқан.

Мың тіріліп, мың өлген қазағыма,

Тәуелсіздік жарқырап шамын жаққан.

 

Қайырмасы:

Еркіндік пен бостандық айбынымыз,

Жарқырасын оңынан ай-күніміз.

Бейбітшілік сақталған елімізде,

Ата заңым – ең құнды байлығымыз.

 

Бірлігіміз Ата заң, теңдігіміз,

Қазақилық қонақжай кеңдігіміз.

Мамандарға болашақ тегін білім,

Ынтымақты ойлайтын елдігіміз.

 

Қайырмасы

 

Бейбітшілік дүниені тербеткенде,

Еңбек еттің жас шақта бейнеттен де,

Жағдайыңды жасайды, Ата заңым,

Кәрілік кеп жеткенде зейнеткерге.

 

Қайырмасы

 

Туым көкте, шуақты атар таңым,

Ұмытпаймыз ежелгі баба заңын.

Ана менен баланы қорғау үшін,

Әділдігін орнатқан ата заңым.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика