№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ардақ Алмағамбетов | |||
2. | Гүлсім Сатыбалды |
Бақытым өзің бе едің,
Жақұтым өзің бе едің,
Аяулы арманым.
Өзің деп көз ілмедім,
Сүйем деп езілгенім,
Аяулы ардағым.
Арайлы ақ таңым да,
Кеш түнге батқанын да,
Өзіңді ойлаймын.
Өзіңді ойлаймын,
Сезімге тоймаймын,
Аяулы арманым.
Қайырмасы:
Оу, сүйіп қалдым, сүйіп қалдым,
Сүйіп қалдым, өзіңді сүйіп қалдым.
Оу, сүйіп қалдым, сүйіп қалдым,
Күйіп жанып, өзіңді сүйіп қалдым,
Өзіңді сүйіп қалдым.
Жаныңды бөлеп нұрға,
Батамын әппақ мұңға,
Аяулы ғашығым.
Балаймын хор қызына,
Әлемнің жұлдызына,
Ардақты асылым.
Жүректің бұл көктемін,
Өзің кеп гүлдеткелі,
Сағынар сәт сайын.
Сағынар сәт сайын,
Куә бар ақ қайың,
Аяулы арманым.
Қайырмасы