MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Әжелердің жолымен
Әннің атауы
Әннің атауы:
Әжелердің жолымен
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№17, 30 қазан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Нұр шуақты жылу сыйлап көздері

Ойлайтұғын әулет қамын өздері.

Тұнып тұрған  өсиеті аманат

Әжелердің мұра бізге сөздері.

 

Қайырмасы:

Ақ батасы жүрегінде түзілген,

Мейірімі төгілетін жүзінен.

Әрбір үйдің қазынасы – әжесі,

Біз келеміз әжелердің ізімен.

 

Жанашыры әкемменен анамның,

Сіздей жанды іздеп қайдан табармын.

Тәрбиең мен өнегелі істерің,

Сақтаулы тұр түкпірінде санамның.

 

Қайырмасы

 

Көктен  күннің жылулығын әперер.

Ақ батамен үйге ризық әкелер.

Еркелетіп немерелер өсірген,

Берекесі шаңырақтың әжелер.

 

Қайырмасы

 

Әжелердің жолы үлгі біздерге,

Сағынумен бала көңіл іздер де.

Ертегіңді тыңдаушы едік ұйып біз,

Осы әнім тарту болсын сіздерге.

 

Көп әжелер, кеттіңдер-ау келмеске,

Сіздерменен бірге жүрген шақ есте.

Өмір заңын үйреттіңдер жалықпай,

Соның өзі бізге азық емес пе?

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика