№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Қош келіпсің той-думанға достарым,
Беу дүние-ай, уақыт деген қас-қағым!
Жылдар жылжып жеттік міне жетпіске,
Ал, қанекей, қарттыққа жол бастағын!
Құтты болсын жетпісіміз бүгінгі,
Құшаққа алып, әрбіріңнің гүліңді.
Әнді салып, ақ тілектер қабылдап,
Салтанатпен той өтсінші дүбірлі.
Қайырмасы:
Келдік біздер жетпіске,
Тойлар болсын көп бізде!
Сабырлы боп, жәй билеу.
Жарасады, жетпісте!
Қауқылдасып көрісіп те, жатамыз,
Қабыл болсын, деп тілейік батаңыз.
Елге сыйлы болсақ тағы бәріміз,
Немереге әже менен атамыз.
Жастық шақта кездік талай қиырды,
Асау көңіл, ақырындап тиылды.
Көңіл жас деп, біз асықпай жүргенде,
Жетпіс жастың дәм-тұзы да бұйырды!
Қайырмасы