№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы | |||
2. | Серік Жүнісбаев |
Хантәңiрi, тауының, мұзбалағы,
Орақ тілді, от ауыз, қызба қаны.
Поэзияң сенен соң жетiмсiреп,
Жүрегімнің сол үшін сыздағаны.
Қайырмасы:
Сені іздеп бардым мен бөктерлерге,
Өзiң барып, гүл терiп, кеткен жерге.
Жарқылынан сұрадым, найзағайдың,
Сұрадым өзің жайлы көктемнен де.
Өлеңменен сырыңды айта алғансың,
Қырық бес, емес еді-ау қайтар жасың.
Қара сөзді өрнектеп, күпi киген,
Шекпен жауып, қазаққа қайтарғансың.
Қайырмасы
Ерте кеттiң... не дейiн Жаратқанға?!
Дауысыңды сағынам әр ақ таңда.
Шабыттанып ұйқыдан көзiмдi ашам,
Жырларың жанды тербеп оятқанда.
Қайырмасы