№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айгүл Қалтайқызы | |||
2. | Марита Қабижанқызы |
Азаматы, бір туары, ғасырдың,
Қара сөздің мәртебесін асырдың.
Өлең – сенің сүрмей кеткен ғұмырың,
Сыр мен мұңы, сенің ғазиз басыңның!
Қайырмасы:
Тағзым еттім рухыңа нар тұлға,
Қара өлеңді тарту еттің халқыңа.
Поэзия емі болып дертіңнің,
Өлең өмір қалдырыпсың артыңда.
Ұрпақ саған айта алады сын қандай?
Мұраң қалды кәусәр бұлақ тұнғандай.
Ерте сөнді мұзбалағым дей ме екен,
Хантәңірі сені жоқтап тұрғандай.
Қайырмасы
Өлмес жырың соңыңдағы қалғаны,
Заңғар көкке қанат қағып самғады.
Сен – тарихсың ұмытпайтын болашақ,
Қазағымның ұлы ақыны – Тарланы.
Қайырмасы